ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА

20:57, 21 тамыз 2019

Қостанайда Ұлттық этникалық театрлардың республикалық V фестивалі жалғасуда. Төрт күнге созылатын фестиваль Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отыр. Шара барысында Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Қостанай облыстық орыс драма театры, Шымкент қалалық өзбек драма театры, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры, Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрлары Қостанай жұртшылығына өз өнерлерін паш ететін болады.

Осымен бесінші рет шымылдығын түрген Ұлттық (этникалық) фестиваль биыл Қостанайда. Бүгін аталмыш фестивальдің 2-ші күні. Кеше Алатау бөктерінен келген корей театры мен жергілікті орыс драма театры үздік қойылымдарын ұсынса, Қостанай облыстық қазақ драма театры «Ақ бас бүркіт», ал Шымкент қалалық Өзбек драма театры белгілі жазушы Сәбит Досановтың желісімен жазылған атақты «Қасқыр ұлыған түн» драмасын көрермен назарына ұсынды. Жазушының басынан өткен ең ауыр кезеңді бейнелейтін туындыны өзбек әртістері шебер сомдады. Драманың оқиға желісі залға жиналған көрерменді бірден баурап алғаны осының дәлелі болса керек.

Сонымен қатар бұл жолғы фестиваль тағы бір биік мақсат ұстаныпты. Ол – ұлттық театрлар арқылы халыққа сол ұлт авторларының шығармаларын таныстыру. Атап айтқанда, фестиваль аясында корей музыкалық комедия театры қазақ мәдениеті мен корей мәдениетін ұштастырса, ұйғыр музыкалық комедия театры «Апат» музыкалық пластикалық спектаклін әкелген.  Екі жылда бір рет өтетін фестивальдің басты  мақсаты — этносаралық келісімді нығайтып, Қазақстан халқының бай мәдениетін одан әрі дамыту дейді ұйымдастырушылар.

Қазақстан Ұлттық (этникалық) театрларының 5-ші республикалық фестивалінің Тобыл төсінде өтуінің де өзіндік себебі бар екен. Ұйымдастыру алқасы Қостанай – әртүрлі этностар мекен ететін бай өңір деген байламға келіпті. Айта кетейік, өнер сүйетін барша қала жұрты мен қонақтары 4 күн бойы фестиваль қойылымдарын І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында тамашалай алады. Кіру – тегін.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...