ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

20:45, 20 тамыз 2019

Тілі басқа, тілегі бір! Қостанайда Ұлттық этникалық театрлар фестивалі басталды. Төрт күнге созылатын фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында өтті. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отырған шара барысында алты тілде қойылым көрсетіліп, оны халықаралық театр сыншылары бағалайтын болады. Толығырақ.

Ұлттық театрлар фестивалі алғаш рет Қостанайда! Еліміздің әр өңірінен келген этникалық театр майталмандары қалыптасқан дәстүр бойынша қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Осымен бесінші мәрте шымылдығын түрген фестивальге еліміздегі көптеген өнер ошақтары қатысуға ниет білдірген. Шара барысында өнерпаздар қазақ, өзбек, корей, орыс,ұйғыр тілдеріндегі қойылымдарды сахналайтын болады. Алматы қаласында орналасқан ұйғыр театрының Қостанайға алғаш келуі бұл. Аталмыш театр ұлттық фестивальге «Апат» спектальн әкелген. Ұлттық театрлар фестиваліне қатысу біз үшін үлкен мәртебе дейді ұйғыр театрының бас режиссері.

Екі жылда бір рет өтетін фестивальдің басты  мақсаты — этносаралық келісімді нығайып, Қазақстан халқының бай мәдениетін одан әрі дамыту. Тілі басқа болса да, тілегі бір өнер иелері бұл жолғы фестивальге ерекше дайындықпен келген.  Аталмыш іс-шара елдің тілдік және мәдени көптүрлілігін сақтауға, бір-бірін мәдени толықтыруда септігі зор дейді ұйымдастырушылар.

Тобыл төсінде шымылдығын түрген фестивальға еліміздің әр түкпірінен келген театрлардың саны – алтау. Сонымен қатар жергілікті театр әртістері де өз өнерлерін театрсүйер қауым назарына ұсынатын болады. Ұйымдастырушылардың  айтуынша, фестивальге қатысушылардың ешқайсысы жүлдесіз қалмайды. Қазылар алқасы үздіктерді 10 аталым бойынша марапаттайтын болады.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...