ШҰҒЫЛ! ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

20:23, 1 шілде 2019

Елбасының бастамасымен елімізде осымен екінші жыл тойланып жатқан Ұлттық Домбыра күніне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінде “Бағзыдан жеткен баба сарыны” атты мерекелік шара өтті.

Бүгін  ұлттық өнеріміздің керемет бір әспеттеліп, дәріптелген күні болды. Облыстық мемориалдық музейінде өткен шараның бір бөлігі көрмелерге ұласқан. Яғни ұлттық музыкалық аспаптар қойылып және оны шегіне жеткізе орындаған күйшілердің суреттері ілінген.

Күй-қазақтың тілі. Өне бойында ұлтың тарау-тарау тарихы жатыр. Азаттық жолындағы азапты жолы да, тәуелсіздіктің тәтті жеңісі де қазаққа тән ерлік пен өрлік ұлт мерейі мемлекет мәртебесі бейнеленген. Себебі қазақ домбырамен қуанып, домбырамен жұбанды.  Тіпті қаһарлы хандарға келелі кеңесін,алдаспан ақиқатын қара домбыраның қоңыр үнімен жеткізген. Ұлы Жошының өлімінде айбатты әміршіге күймен естірткен. Сонда бабаларымыздың орнына жазаны домбыра тартқан.
 

Домбыра - қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі һәм бітім-болмысы. Иә, шыңымынде рухымызды, тарихымызды, салт-дәстүрімізді сақтап, келер ұрпаққа жеткізу үшін атаулы мерекенің маңызы зор.
 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗБАТ» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
20:52, 21 қараша 2019
«ҚАЗБАТ» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
Толығырақ...
«ТРИУМФ» ТҰҒЫРЫНДА: ОЗАТ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 20 қараша 2019
«ТРИУМФ» ТҰҒЫРЫНДА: ОЗАТ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
20:47, 19 қараша 2019
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
Толығырақ...