ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА Толығырақ

«ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАН» ПОЭЗИЯЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

20:52, 5 қараша 2019

«Туған жерім – Қазақстан». Осындай атаумен «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге поэзиялық байқау ұйымдастырды. Байқауда 14-29 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері туған әдебиетіміздің шығармаларын жатқа оқыды.

Жастардың бойында туған жерге,елге деген махабатты арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада 20 ға жуық өзге ұлт өкілдері  поэзиялық шығармаларды көркем сөз арқылы оқыды. Солардың бірі – Анель Бимечева. Қазақ тілін бала кезінен жетік меңгерген ол  өзі туып өскен жерінің тілін, салт жоралғысын білуі міндет деп санайды.

Байқауда орыс, молдаван,армян, неміс,әзірбайжан ұлт өкілдері өздерінің өлең оқудағы шеберліктерін көрсетті. Мұндағы басты талап – ақын-жазушылардың патриоттық тақырыптағы шығармаларын мәнерлеп оқу.

Бүгінде ана тіліміздің жақсаруына, өркендеп өсуіне көптеген жұмыстар жасалуда. Туған тілімізді дәріптейтін іс-шараларда ұйымдастырып, көптің көңілінен шығуда. Бүгінгі байқау соңында  өзге ұлт өкілдерінің туған жерге,туған тілге  деген сүйіспеншілігін әділқазы алқалары бағалап, қомақты сыйлықтар табыстады.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ! ҮЗДІК ДИҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:46, 15 қараша 2019
ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ! ҮЗДІК ДИҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
20:41, 13 қараша 2019
30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...