ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

«ТРИУМФ» ТҰҒЫРЫНДА: ОЗАТ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

20:41, 20 қараша 2019

Биыл өңіріміздің 140 озат оқушысы республикалық және халықаралық түрлі сайыстарда жеңімпаз атанып, облыстың абыройын асқақтатты. Ерінбей еткен еңбектерінің арқасында аймақ намысын қорғап жүрген өнерлі өрендер, спортшылар мен олимпиада жүлдегерлерінің бағындырған биік белестері көп. Сол себепті салтанатты шарада олар «Триумф» тұғырына көтерілді.

Олар – алыс-жақын шетелдерде еліміздің даңқын асырып, байрақты бәсекелерде бәрінен басым түскендер. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар қыз-жігіттер еліміздің ертеңі, мақтанышымыз. Осындай талапты, еңбексүйгіш жастар үшін жылдағы дәстүр бойынша мерекелік шара ұйымдастырылды. Облыстың озат оқушыларын жеткен жетістіктерімен өңір әкімінің орынбасары құттықтады.

Бұл шара – Амангелді ауданының тумасы  Ерназ Қабдыхамитов үшін кезекті зор жетістік әрі тарихи сәт. Талапты жеткіншек талай рет республикалық және халықаралық ән байқауларында жүлдегер атанып, аймақ атын асқақтатты. Озат оқушы болашағын өнер саласымен байланыстырғысы келетінін айтты.

Ерназ сияқты ел игілігі үшін еңбек еткісі келетін жастар біздің өңірде жетерлік. Жаңыл Сабыржан да сондай мақсаты айқын өнерлі өрендердің бірі.

«Ерінбей еңбек еткен адамға ғана бақыт басын иеді». Дәстүрлі шарада шәкірттер өздерінің алға қойған мақсаттарын айтты. Аймақ басшысының орынбасары оқушылардың ол ойларының орындалуына  тек тілектес екенін жеткізді. Еркін пікір алмасқаннан кейін шара соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Жүзден жүйрік жас өрендер «Триумф» тұғырынан табылды.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ «АЛТЫН КІТАБЫ» ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
20:49, 10 желтоқсан 2019
АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ «АЛТЫН КІТАБЫ» ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРҒАН БАСҚОСУ
20:46, 9 желтоқсан 2019
БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРҒАН БАСҚОСУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...