ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ТІРЕГІМІЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК, ТІЛЕГІМІЗ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ

20:43, 29 қараша 2019

Тұңғыш Президент күні қазақстандықтардың бірлігін айғақтайтын, Ұлт Көшбасшысының сындарлы саясатын жүзеге асыруда қоғамның тұрақтылығын нығайтуға зор ықпал ететін мереке. Мерекені атап өткен Қостанай ауданының тұрғындары осылай деді. Және еліміздің келешегі кемел болатындарына сенімді екендіктерін жеткізді. Салтанатты шара барысында аудан әкімі бірқатар азаматтарды марапаттап, концерт қойылды.

Салтанатты шара өңірлік оркестр тобының өнерімен бастау алды. Мың бұралған бишілер би билеп, күміс көмей әншілер Елбасымыз туралы әндер шырқады. Сонымен қатар Қостанай ауданының әкімі Виктор Радченко жиналғандарды мерекемен құттықтап, еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілерге грамоталар мен  алғыс хаттар табыстады.

Нәтижелі жұмыс көрсетіп марапатталғандардың бірі Светлана Большакова. 3 жыл бұрын жұмысын келісім шартпен бастаған ол бүгінде Заречный ауылдық округінің бас маманы.Оның айтуынша қажырлы еңбек ету үшін ең бастысы жауапкершілікті сезіне білу керек.

Жиында затоболдықтар Елбасының елді дамыту жолындағы еңбегін атап өтіп, бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз арта берсін деген тілектерін жеткізді.

Гүлсезім Ақтас

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...