ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

«ТІЛ ТАРИХЫ: ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ЖЫЛНАМА»

20:50, 26 шілде 2019

І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында қазақ басылымдарының қара шаңырағы - «Егемен Қазақстан» газетінің жүз жылдық мерейтойына орай облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Тіл тарихы: жүз жылдық жылнама» атты публицистикалық байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау шарасы өтті. Қазақ тілінің өткеніне шолу жасап, бүгінгісін бағамдап, ертеңін болжаған байқау жүлдегерлерін тілшіміз құттықтап қайтты.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті - қазақ тілінің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуына, барлық мемлекеттік, қоғамдық  іс-шаралардың насихатталуына өлшеусіз үлес қосып жүрген отандық ақпарат кеңістігіндегі ерекше орны  бар,  өзіндік дәстүрі мен мол тәжірибесі қалыптасқан белді басылым. Ғасырлық тарихы бар газеттің жүз жылдық мерейтойын мерекелеу мақсатында жергілікті журналистер арасында жарыс жарияладық, - дейді шара бастамашылары.

Ғасырлық тарихы бар «Egemen Qazaqstan» басылымының өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, мемлекеттік тілді насихаттауға қосқан үлесін бағалау - байқау қатысушыларына қойылған басты талаптардың бірі. Сондай-ақ, аталған басылымның қазақ тілінің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуына қосқан өлшеусіз үлесін шығармаға арқау ету де ең басты міндеттер санатында.

Жақын арада жүз жылдық тарихы бар газет қоры заманның талабына сай  цифрлы форматқа көшіріліп, газет беттерінен көрініс тапқан қазақ тарихы мен саясаты, мәдениеті мен әдебиеті ғаламтор арқылы қалың оқырманға қайта жол тартатынын жеткізді байқауда сөз алған бас газеттің біздің өңірдегі меншікті тілшісі.

Тақырып бойынша материалдар

МҰРАҒАТТАР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЗЫНАСЫ
20:56, 22 тамыз 2019
МҰРАҒАТТАР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЗЫНАСЫ
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА
20:57, 21 тамыз 2019
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒА...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
20:45, 20 тамыз 2019
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...