ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ТЕРІНІ ТҮРЛЕНДІРГЕН ШЕБЕР

20:37, 22 қаңтар 2020

Қостанайлық Дархан Самыратов теріден түрлі бұйымдар жасайды. Ол бұл өнерді игеру үшін еш жерде оқымаған, ешкімнен дәріс алмаған. Алғашында өзіне қажет затты дүкеннен таппаған соң оны өзі жасап көрмек болыпты. Сөйтіп бірте – бірте теріден бұйым жасау Дарханның сүйікті ісіне айналған.

Дархан Самыратовтың негізгі мамандығы экономист. Қазір  жеке компанияда мемлекеттік сатып алу  бөлімінің маманы болып қызмет етеді. Ал жұмыстан бос уақытының бәрін үйіндегі шағын шеберханасында өткізеді. Теріден түрлі бұйым жасауды ол өз бетінше ғаламтордан қарап үйренген.

Кейін белбеу, пышақтың қыны, әмиян тәрізді нәрселерді жасайды. Иыққа асатын кішкентай қол сөмкелерді де тігіп шығады. Уақыт өте келе әдемі жасалған бұйымдарды көрген таныстарынан тапсырыс түсе бастайды. Сөйтіп оның қызығушылығы күнделікті кәсіпке айналған. Осы іспен айналыса бастаған екі жыл ішінде тәжірибе жинап, шеберлігін де шыңдай түсті.

Дархан негізінен алғашқы өңдеуден өткен терімен жұмыс істейді. Мұндай шикізатты тапсырыспен Алматыдан, Ресейден алдырады. Ол келешекте осы істің нағыз мамандарынан дәріс алып тәжірибесін молайтуды көздейді. Таза тері бұйымға тапсырыс та көп. Қосымша табыс табуға мүмкіндік мол.  Алайда Дархан үшін ең бастысы былғарыдан бұйым жасау тарихы тереңде жатқан ежелгі өнер. Сондықтан ол өз қолынан шыққан әр затқа тауар емес туынды деп қарайды.

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...