ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

Театр тартуы: Махаббат, қызық мол жылдар...

20:32, 21 қараша 2016

Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында осыдан 46 жыл бұрын жазылған «Махаббат, қызық мол жылдар...» атты туынды сахналанды. Әзілхан Нұршайықовтың оқырманға жақсы таныс шығармасын жас режисер Дос Құбаш көрерменмен қауыштырды.

Қандыкөйлек жолдастар. Майданнан аман оралды. Армандары сан тарап: біреуі құсын қондырып, зәузатын жаюды меңзейді. Ал екіншісі соғыс даласында ағып түскен қос жанарымен бірге келмеске кеткен қиялын ойлап, қынжылады. Шығарманы сахналау осы ұжымның жас режиссері Дос Құбаштың бастамасы.  

Көрермен Нұршайықовтың нәті бөлек нәрлі туындысын шырамытты. Парақтап қана парқына үңілген әдеби жауһардың кейіпкерлері тірілгендей. Қуақы тілді, жеңіл мінез Зайкүл де, мәселенің қиюын тапқыш Жомартбек те, талай лек оқырманның сүйіктілеріне айналған Меңтай мен Ербол да сахнада.

Иә, дәл осы мәтелшіл Тұмажан еді арудың тұнығын лайлаған. Жағымсыз образдағы актердың шеберлігінің арқасында Ошақбаев кәдімгідей-ақ көрерменнің қытығына тигендей.

«Махаббат, қызық мол жылдар...» Қостанай облыстық дарама театрының сахнасында тұңғыш қойылды. Көремін, әдеби дарама әлеміне шомамын деушілерге есік ашық.

Тақырып бойынша материалдар

Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылады
18:21, 9 тамыз 2017
Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылады
Толығырақ...
"Өрмекші адам. Қайта оралу" фильмі қазақ тілінде тамашаланды
13:32, 12 шілде 2017
"Өрмекші адам. Қайта оралу" фильмі қазақ тілінде тамашаланды
Толығырақ...
Амангелді ауданы. «Мен қазақпын» - төл өнерді төрге шығарды
16:03, 9 маусым 2017
Амангелді ауданы. «Мен қазақпын» - төл өнерді төрге шығарды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі  (толық нұсқа)
18:06, 18 қыркүйек 2017
Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі (толық нұсқа)
Толығырақ...
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы» конференциясы
15:27, 15 қыркүйек 2017
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы» конференциясы
Толығырақ...