ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ

20:54, 7 қазан 2019

Тарихқа тағзым. Қазақстан мен Полша елінің ғалымдары 2-ші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына арналған форумға қатысты. Шараны Қостанай мемлекеттік университеті ұйымдастырды. Форум барысында «Польская делегатура в Казахстане» атты кітаптың тұсауы кесіліп, көптеген тың деректер ұсынылды.

Польша арадағы экономикалық байланысты арттырып, Қазақстан нарығына поляк инвестициялары, тауарлары мен қызметтерді кеңейту үшін белсенді атсалысып жатқан елдердің бірі. Екі ел арасында соңғы кезде білім, ғылым саласындағы ықпалдастық та артып келеді. Кезекті бірлескен форум екінші жүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына арналды. Тараптардың бір-біріне ұсынар тың деректері мен зерттеулері аз емес. Сол кезде Германияның шабуылына алғашқылардың бірі болып ұшыраған да осы Польша елі екендігі мәлім. Жиынға қатысқандар осы жайлы естеліктерімен бөлісті.

Ескере кетейік, Селим Хазбиевич қостанайлық тарихшылармен бірлесіп кітап жазған. «Польская делегатура в Казахстане» деп аталатын туындыны ұжымдық зерттеу десе де болады. Онда, Қазақстан, Украина, Польшаның мемлекеттік мұрағаттарында сақталған деректер пайдаланылған. 2-ші дүниежүзілік соғыс кезіндегі екі ел арасындағы байланыстар жайлы баяндалады.

Мәліметтерге сүйенсек, соғыс жылдары тек Қостанай облысының өзіне ғана 8 мыңнан астам поляк жер аударылған. Форумға қатысқан Ақтөбе, Алматы облысының ғалымдары да бұны растады. Ал, Польшаның Ішкі істер министрлігі теңдесі жоқ құжаттар қойылған көрме әзірлеген.

Форум соңында жасалған баяндамалар топтастырылып, кейін кітап боп жарық көрмек. Ол польша және ағылшын тілдеріне аударылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақ елі ғалымдарының да мағлұматтарына еуропалық тарихшылар қызығушылық танытып отыр.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...