ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ТАЛАНТТЫЛАР ДОДАСЫ ӨТТІ

20:52, 18 қазан 2019

"Тобыл stars" жобасы. Осындай атаумен бастау алған балалар мен 29 жасқа дейінгі ересектер арасындағы аудандық байқау аяқталды. Жеңімпаздар енді облыстық таланттылар фестивалінде өз өнерлерін көрсетеді. Мақсат – мәдени ықпалдастықты арттыру, өнерін көрсете алмай жүрген жастардың шабытын аштыру.

Аудан көлемінде тұңғыш рет өтіп жатқан Тобыл стар атты таланттар шоуы  вокал, хореография, музыкалық аспаптар, көркемсөз оқу және театр өнері номинациялары бойынша өтті.  Бұл – үлкен шығармашылық және әлеуметтік мәні бар жоба дейді ұйымдастырушылар.

Жастар арасындағы таланттылар додасына қатысушылардың бірі Ерсұлтан Жақсыбай. Ол бұған дейін облыстық және республикалық сайыстарға қатысып үлгерген. Жеңіске жетеріне сенім бар.

Қатысушылардың өнерін Жастар ресурстық орталығының белсенділері, ән,би байқауларында республикалық және халықаралық сайыстардың жүлдегерлері бағалады. Олар қатысушының тек өнеріне ғана емес,  өзін-өзі ұстауы мен сөйлеуіне де аса мән береді екен.

Әр номинация үздіктері бағалы сыйлықтармен қатар, облыстық деңгейде өтетін сайыста Қостанай ауданының намысын қорғайтын болады.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫС ЕТТІ
20:30, 12 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫС ЕТТІ
Толығырақ...
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...