ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

«ТАБИҒАТТЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ» СУРЕТ КӨРМЕСІ

20:50, 3 қаңтар 2019

Облыс орталығындағы сурет галереясында Қазақстан Республикасы суретшілер ұйымының мүшесі Наталья Халифаеваның «Табиғаттың жарқын бейнесі» атты сурет көрмесі ашылды. Сөреге автордың 90-нан астам туындылары қойылды. Көрмені тамашалауға келушілер әрбір картинаның өзіндік ерекшелігі бар екенін атап өтуде.

Көрмеде суретшінің туған жердің әсем табиғаттарын бейнелейтін тың туындылары көпшілік қауымға жол тартты. Батика және акварельмен салынған бұл өнер туындылары суретшінің көп жылғы еңбегінің жемісі.

Көрмеде талантты суретшінің 90-нан астам өнер туындысы қойылды. Барлығы ерекше техникада жасалынған. Автордың айтуынша бұл суреттерді салу үшін күрделілігіне байланысты уақыт талап етіледі. Сондай-ақ бұл өнердің жаңа түріне қызығушылардың саны артып келеді.

Көрме барысында өңірімізге белгілі суретшіге ізгі тілектерін білдірді. Айта кету керек, Әрқайсысы әртүрлі жанрда салынған картиналардан, қазақтың кең даласын, өзге де өңірлерін көруге болады. 1 айға созылатын көрмені қала тұрғындары тегін тамашалай алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...