ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ШЫРША САЛТАНАТЫ

20:51, 24 желтоқсан 2019

Жітіқаралықтар бас шыршаның шамдарын жақты. Қала орталығындағы салтанатты шараға жергілікті билік өкілдері қатысып, жұртшылықты келе жатқан мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған қоғамдық орындар мен бизнес нысандарын безендіру байқауына белсене үлес қосқандар марапатталды.

Бұл күні Жітіқарада ауа райы тек кешкісін ғана мінез көрсете бастады. Қар бұрқап, аяз білінді. Соған қарамастан, орталықтағы мерекелік шараға асыққандар арасынан баласын жетектей келгендерді жиі кездестірдік. Жиналған қауымды аудан әкімі құттықтап, доңыз жылының жетістіктеріне де тоқталып өтті.

Әкім құттықтауынан соң, Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған қоғамдық орындар мен бизнес нысандарын безендіру байқауына белсене үлес қосқандарды марапаттады. Аталған байқауға мекемелер мен кәсіпорын нысандарынан 50 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде үздік деп танылғандарға әртүрлі номинациялар мен жүлделі орындар беріліп, демеушілер тағайындаған ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік кешті жаңа жылдың басты кейіпкерлерінсіз елестету мүмкін емес. Ортаға тілек жаудырып, Аяз ата мен Қаршақыз келді. Көп ұзамай шырша шамдары да жарқырап, салтанатты шара одан әрі қыза түсті. Қызықты асыға күткен балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңберді айнала ән шырқады. Оларға үлкендер де қосыла кетті.

Жақсы сәттен естелік. Аяз Ата мен Қаршақызды қаумалап, суретке түсіп жатқандардың қарасы қалың. Ал, тәтті сыйдан дәмелі балдырғандар тақпақ айтып, ән шырқады.

Жарқыраған шамдар, ертегі кейіпкерлері, қардан үйілген сырғанақ – мұның бәрі тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлары анық. Осы қызықтарға көз қуантып, көңіл жадыратқан жітіқаралықтар тышқан жылының тыныш әрі табысты жыл болуын тілеп тарқасты.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...