ШҰҒЫЛ! Денсаулық сақтау саласы даму үстінде Толығырақ

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАҒЫ ЗАМАНАУИ МҰРАЖАЙ

13:02, 10 сәуір 2019

Қостанай облысының шалғайдағы Бүйректал ауылында заманауи мұражай жұмыс істейді. Мәдени орын осындағы орта мектептің ішінен былтыр ғана ашылған. Мақсат – туған өлкенің тарихын түгендеу, насихаттау. Шалғайдағы шағын мұражайдың ерекшелігі неде? Әріптесім Дәуренбек Әбдібек баяндайды.

Жәдігер портреттегі штрих-кодқа арнайы қондырғы орнатылған ұялы телефонды жақындатсаңыз – суреттегі кісі жайлы мәлімет экранға шығады. Осылайша оның өмірбаянымен танысып, қажет болса қалта телефоныңыздың жадына сақтап қоясыз. Бұл жаңашылдықты енгізген жас маман – Дастан Әбілтаев. Ол осы мектептің 2012-ші жылғы түлегі. Информатика пәні бойынша жоғары білім алып, кейін туған ауылына оралған. 
 

Бүйректал мұражайы Аманкелді ауданы бойынша жәдігерлерге сандық жүйені алғашқы болып енгізіп отыр. Мұндағы ауыл тарихы өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан басталады. Әзірге өңірден шыққан белгілі тұлғалар, соғыс, еңбек ардагерлері, ұстаздар жайлы мәліметтер қойылған. Олардың марапаттары, төсбелгілері, құжаттары жинақталған. 

Яғни алдағы уақытта жәдігерлермен бірге осы өңірдің ертедегі тарихынан сыр шертетін мәліметтер де жиналуы тиіс. Қазірдің өзінде мұражай - жергілікті тұрғындар мен қонақтар жиі келетін көрнекті орынға айналған. Мектеп бағдарламасына енгізілген өлкетану сабағы да осында өтеді. 

Бүйректал мектебіндегі тағы бір мұражайға бергісіз орын – осы ауылдың тумасы, мәдениет қайраткері – Сапарғали Ахметжанов атындағы саз сыныбы. Мұнда музыка майталманы жайлы мәліметтер жазылып, оның жеке тұтынған заттары қойылған. Сонымен қатар осында домбыра үйірмесі жұмыс істейді. Яғни шалғайдағы шағын мектеп, ауылдың рухани орталығына айналып отыр. 


Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

ЛИСАКОВ МУЗЕЙІ – «РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2019» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
20:39, 28 мамыр 2019
ЛИСАКОВ МУЗЕЙІ – «РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2019» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ
20:33, 28 мамыр 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...