ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

«САНА СЕРПІНІ» ЖӘНЕ «ЖАЗБА АЙТЫС» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

20:41, 8 тамыз 2019

Өңірімізде «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» жобасы бойынша ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Елбасы көтерген рухани жаңғыру һәм генетикалық жад мәселесінің түпқазығы тіл тақырыбы - қашан да күн тәртібінен түскен емес. Жоба шеңберінде өңірімізде «Сана серпіні» және «Жазба айтыс» онлайн-байқауы бастау алған болатын. Байқаудың нәтижелері жайлы келесі бейнематериалда.

Бүгінгі күні облысымызда қазақ тілін латын графикасына көшіруді ілгерілету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.  Солардың бірі – ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен әлеуметтік желілерде бастау алған  «Сана серпін» және «Жазба айтыс» байқауы. Екі айға жалғасқан байқау 3 кезеңннен тұрды. Ондағы мақсат -  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы Даланың 7 қыры» мақаласын интернет-кеңістік пен әлеуметтік желілерде жариялау және ақпаратты ілгерілету.

Рыскүл Тасқынбаева 2 айға жалғасқан байқауға осымен 2-ші рет қатысып, жеңімпаз атанып отыр. Байқаудың екінші кезеңі бойынша «Өңіріміздің киелі жерлерінің географиясы», жалпыға зиярат ету орындары мен киелі нысандарды сурет арқылы анықтау оңайға соқпағанын айтады. Дегенмен, бар күш-білімімді салып, кәсіби тұрғыда өз ойымда жеткізе білдім, дейді жас маман.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында өткен байқауға өңірімізде 22-ге жуық қатысушы белсенділік танытқан. Облыс көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін насихаттау бағытында жұмыстар әлі де жүйелене  түспек.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

МҰРАҒАТТАР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЗЫНАСЫ
20:56, 22 тамыз 2019
МҰРАҒАТТАР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЗЫНАСЫ
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА
20:57, 21 тамыз 2019
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒА...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
20:45, 20 тамыз 2019
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...