ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ПУШКИННІҢ ПОРТРЕТТЕР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

20:35, 10 ақпан 2020

Әр уақыттың өз Пушкині бар! Қостанайда ұлы орыс ақыны портреттерінің көрмесі ашылды. Әртүрлі дәуірдегі суретшілердің 20-дан астам жұмысын Қазақстанға Пушкин атындағы Ресей мемлекеттік музейі сыйға тартты. Экспозицияда ақынның өмірі кезінде жазылған бір ғана портрет ұсынылған.

Пушкиннің портреттерін тамашалауға өлең, сөз өнерін бағалаушылар мен ақын шығармашылығын құрметтеушілер жиналды. Мұнда 20-дан астам туынды қойылған. Көрме 10 ақпанға орай ұйымдастырылды. Бұл күні бүкіл әлем жұртшылығы Пушкинді еске алады. 1837 жылы Дантеспен дуэльге шыққан ақын ауыр жараланып, дәл осы күні көз жұмған. Көрме бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында қойылған. Енді Қостанайға әкелініп отыр.

Бұл туынды Пушкиннің көзі тірісінде жазылған жалғыз портрет. Ақынның жас кезі. Қалған суреттер өлім(І)нен кейін және қазіргі уақытта салынған. Әртүрлі авторлар, әртүрлі көріністер. Әр суретші Пушкин мен оның заманын әртүрлі көреді. Портреттер арасынан мектеп оқулықтарынан кездесетін суретті де кездестіруге болады.

Экспозицияда Никас Сафроновтың және мүлдем белгісіз авторлардың да жұмыстары бар. Көрмедегі әр жұмыс ақынның шығармашылығы туралы ойға жетелейді. Ұйымдастырушылар көрмеге қызығушылар қатары қалың дейді. Олар осы іс-шара көпшіліктің ақын өлеңдерін қайта оқуға себепкер боларына сенімді.

Қостанайлықтар туындыларды Толстой кітапханасында бір ай бойы тамашалай алады. Одан кейін көрме басқа аймақтарда ұйымдастырылмақ.

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...