ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ПРЕМЬЕРА: «ГОДОНЫ КҮТЕ-КҮТЕ...»

20:08, 13 наурыз 2020

Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында тың туындының тұсауы кесілді. Қарашаңырақ қабырғасында есімі әлемге әйгілі жазушы Сэмюэл Беккеттің пьесасы сахналанды. Дүниежүзілік деңгейдегі драматургияның ерекшелігі неде? Шетелдік шығарманы сахналауда актерлер шеберлік таныта алды ма? Толығырақ тілші баяндайды.

Пьеса авторы да, қойылымның қоюшы режиссері де – шетел азаматтары. Алдымен туындының төл иесі жайлы айта кетсек. Ол - француз және ирланд жазушысы, драматург Сэмюэл Беккет. «Абсурд» театрының негізін қалаушылардың бірі. Оның «Годоны күте-күте...» атты пьесасы ХХ ғасырдағы әлем драматургиясының маңызды туындыларының бірі саналады. Осы еңбегі арқылы автор 1969-шы жылы әдебиет номинациясы бойынша «Нобель» сыйлығының лауреаты атанған. Танымал туындыны сахналау біз үшін мәртебе, - дейді актерлар.

Атап өткендей, пьесаны сахнаға шығарған да - шетелдік азамат. Түркіменстан елінің жас режиссері. Ол Қостанайға әріптесі – Әлия Баймаханның шақыртуы бойынша келген. Осылайша, Мекан Жұмабаев өзінің кәсіби деңгейдегі тырнақалды жұмысын көрермендер назарына ұсынды.

Жас режиссер жергілікті өнер ұжымымен бірлесе жұмыс істегеніне өте қуанышты. Актерлердің шеберлігіне тәнті болғанын жасырмайды. Болашақта әрістестік байланысты нығайта түсуге ниетті. Ең бастысы, екі ел арасындағы мәдени, достық қарым-қатынастың арта түскеніне дән риза.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...