ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР МУЗЕЙІНЕ САЯХАТ

20:16, 12 мамыр 2020

Өткеннен сыр шертіп, бүгінгі күннің ерлігі мен батырлығын өскелең ұрпаққа үлгі етер облыстық Полиция департаментінің музейінде терең тағылым мен сан қатпарлы тарихи сырлар сақталған. Ондағы жәдігерлер жастарды аталмыш мамандықтың қыр-сырына қанықтырып, тәртіп сақшысына қандай жауапкершілік жүктелетіндігін байқатады.

Бұл тарих қоймасы құқық қорғау саласы ардагерлерінің бастамасымен ашылған. Мұнда полиция қызметі тарихынан сыр шертер құнды жәдігерлер сақталған. Мұражайда 80-90 жылдардағы милиция өкілдерінің жұмысында қолданылған техникалық жабдықтар: көлік, байланыс құралдары және тағы да басқа маңызы зор заттар қойылған. Қазіргі кезде музей қорында 2 500-ден астам экспонат бар. Көрмесінде – Бірінші отан соғысының уақытындағы найзалы мылтық, орыс қару-жарақ жасаушы Мосинның «үш сызғышы», арнайы киімдер, қызыл армияның гимнастеркасы және 30-шы жылдағы милицияның бас киімі назарға ұсынылған.Музейде ерекше құрметке ие орындардың бірі – қызметтік міндетін орындау кезіндегі қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерліктері туралы сыр шететін бұрыш. Берген антына адал боп өткен әрбір азаматтың батылдығы, ел тыныштығы үшін жасалған ерлік қадамы өскелең ұрпаққа үлгі болары даусыз.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...