ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ОТПЕН ОЙНАМА, БАЛАҚАЙ!

20:50, 10 қыркүйек 2019

Төтенше жағдайлар департаменті ойын баласын оттан сақтаудың амалын тапқан. Былтырдан бері қуыршақтар театрының ұжымымен бірлесе арнайы қойылым әзірленген. Ертегінің балдырғандарды елітіп ала кететін ұғынықты тілімен тілсіз жаудың жойқын күші, айтып келмейтін апаттан сақтанудың жолдары балғын көрермендерге жеткізілді. Аталмыш қойылым Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Назар аударыңыз, балалар!» алдын алу шарасының аясында қолға алынған.

Оқиға желісі орыс халық ертегісінің мазмұнына сай өрбиді. Сахнада мыстан кемпір, сыйқырлы үйшік сынды кейіпкерлер отпен ойнап, қауіпсіздік ережелерін елемейді. Осы тұста Пожар Тушилыч есімді ертегі қаһарманы қол ұшын созады. Басты мақсат – көрерменге тілсіз жаудан сақтану, алдын алу амалдарын мейлінше ұғынықты түрде жеткізу. Ал көрермен – қауіптің қайдан екенін біле бермейтін ойын баласы.

«Назар аударыңыз, балалар!» атты алдын алу шарасы ІІМ тарапынан республика көлемінде жүргізілуде. Былтыр өңірдегі ТЖД-і қуыршақ театрына әріптестікте жұмыс істеуге лебіз білдірген. Нәтижесінде, осы қойылым ауыл, аудан, қалаларды аралап, жетпіске жуық рет сахналанып, бес мыңдай бала қамтылған.

Қуыршақтар театры ұжымының сөзінше, бұл қойылым жыл соңына дейін сахналанады. Қойылым кестесімен театрдың ресми сайтынан танысуға болады.

Нұрқанат Нүсіпхан

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...