ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ

20:58, 7 қазан 2019

М.Горький атындағы орыс драма театры 98 -і маусымын ашты. Шығармашылық науқанның шымылдығы «Қыз Жібек» спектаклімен түрілді. Премьераның режиссері – Әлия Баймахан.

Облыстық орыс драма театры көрерменімен 98 мәрте қауышты. Шығармашылық науқанашарға театрсүйер қауымның қалың нөпірі келді. Ғасырға жуық тарихы бар тарланбоз ұжым әр маусымның салар салмағы барын жасырмайды. Көрермен де кәделі сәттен сүбелі дүние алмаққа үмітті.

Биылғы маусымның шымылдығы түріліп, Қыз Жібек пьесасы тұңғыш рет сахналанды. Ұлттық туынды орыс тілінде әспеттелді. Актерлар барын салған. Әр көрермен әрқилы әсер алып, өзінше тебіренгендей.

Музыкалық қойылымның режиссері – Әлия Баймахан. Тың туындыны тамашалауға ниеттілердің еншісінде бірнеше күн әлі бар. Сондықтан, театрға асығыңыздар.

Нұрқанат Нүсіпхан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар