ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ӨНЕРГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ...

20:31, 21 ақпан 2019

Талантты жастарға жол ашық. Қостанайда жас музыканттардың дәстүрлі облыстық фестивалі өтті. 53-ші мәрте өткізіліп отырған байқауға өңіріміздің әр ауданынан 76 өнерпаз қатысты. Шара, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орайластырылған.

Нәзік саусағымен қобыздың құлағында ойнап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген Айым Молдағалиева – 10 жаста.  Қыл қобызда ойнағанына – небәрі 4 жыл. Аз ғана уақыт ішінде талай мәрте жеңімпаз атанған жас қатысушы бүгін де жүлделі орыннан үмітті.

Ел іші-өнер кеніші. Тек, Айым секілді талантты өрендерге дер кезінде қолдау көрсетіп, жаңа есімдерді ашу - дәстүрлі доданың баты мақсаты. Биылғы байқаудың ерекшелігі -  халық аспатарында ойнау талабы қосылған. Облыстың әр өңірінен дарынды деген 74 өнерпаз бен 9 ансабль іріктелген. Педагогтармен қосқанда 296 адам. Арасында байқауға бір емес, бірнеше рет қатысып отырғандары да бар.

Жас таланттарды әділ бағалауға қазылар алқасының төрағасы ретінде облыстық филармония өкілдері арнайы шақырылыпты. Кәсіби қобызшы Батырбек Байназаров -Тобыл өңірінде өнерлі өрендердің аз еместігін айтады

Музыка - рухани қазына. Сол қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өсетіні хақ. Байқау ұйымдастырушылары өңіріміздегі оқушылардың өнерге, әсіресе, халық аспаптарына деген қызығушылықтың артқанын айтады.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
20:56, 18 наурыз 2019
АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
"ӘЛЕМ ТАЛАНТ STARS": ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
18:06, 13 наурыз 2019
"ӘЛЕМ ТАЛАНТ STARS": ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар