ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ӨНЕР ОРДАСЫНА – 20 ЖЫЛ!

20:08, 21 ақпан 2020

Биыл Қостанай облыстық қазақ драма театрының құрылғанына - 20 жыл! Бұл театрға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың есімі берілген болатын. Екі онжылдық бұрын мәдениет саласы нысандарының қатарын толықтыра түскен қарашаңырақтың қазақ өнерін дамытуға қосқан үлесі қомақты. «Рухани жаңғыру» жолында жемісті жұмыс істеп келе жатқан өнер ордасының мерекесіне тілшіміз ортақтасып қайтты.

Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры 2000-шы жылы құрылды. Сол жылдың 14-ші қыркүйегінде Елбасы театрдың ресми ашылу салтанатына арнайы қатысып, Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» қойылымын тамашалады. Содан бері қарашаңырақ қабырғасында талай тарихи әрі тың туындылар сахналанып, жергілікті өнер сүйер қауымды қуантып келеді.

2012-ші жылдың 12-ші қаңтарында театр жаңа, заманауи ғимаратқа көшті. Бұл күн Қостанай облысының мәдениет саласының тарихында алтын әріптермен таңбаланды. Жаңа нысанға қоныс аударғалы бері өнер ордасы көптеген биік белестерді бағындырып, республикалық және халықаралық фестивальдердің жеңімпазы атанды. Осымен 20-шы мәрте  шымылдығын түріп отырған театрға көрермен қауым өз сый-сияпатын ала келген.

20 жылдықтың басты жаңалығы – ұжымға жаңа басшы келді. Ол – белгілі өнер майталманы Әлімхан Мырзахан. Ол театрдың ашылуына орай облыс әкiмiдігінің шақыртуымен, режиссер Жамбылбек Есенбековтың жетекшiлiгiмен келген Алматыдағы өнер академиясының түлектерiнiң бiрi. Қарашаңырақтың жаңа басшымен жаңа белестерді бағындыруына «Қостанай» телеарнасының ұжымы да тілектес.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...