ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫНЫҢ ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕРІ

20:27, 26 мамыр 2020

Өнегелі отбасының өнерлі өрендері. Қостанайда облысымыздың мерейін асырып, баршаға үлгі болып жүрген отбасылар аз емес. Солардың бірі Танкеевтер жанұясы. Ағайынды сегіз бауырдың төртеуі бүгінде музыкалық мектептің бетке ұстар мақтанышы. Жас болса да бірнеше кітаптың авторы атанып, бірнеше музыкалық аспапта еркін ойнайтын жас таланттар жайлы тілші толықтырады.

Қостанайлық Моцарт.  Зере Танкееваны бүгінде көпшілік осылай атап кеткен. Музықалық мектепке келгенде оқуды білмеген ол бүгінде бастауыш сыныптарға арналған ән жинақтарының авторы. Сонымен қатар 5 аспапта еркін ойнайды. Небәрі 10 жастан енді асқан қыз 3 бірдей  музыкалық кітабының тұсауын кесіп үлгерген.

Танкеевтер отбасындағы ағайынды сегіз ұл-қыздың төртеуі бүгінде музыкалық мектептің үздіктері. Барлығы дерлік екі - үш аспапта емін еркін ойнайды. Мәселен бауырларына ағалық ақылын айтып жүрген Батыржанның музыкалық білімін жетілдіріп жүргеніне сегіз жылдан асқан. Домбыра мен фортопианода ерекше өнер көрсетіп, көптеген байқауларда топ жарған.

Дарынды балалардың өнерлеріне ұстаздары да тәнті. Жеткен жетістіктеріне қашанда қуанып отырады. Балғындардың әлі алда талай асуды бағындыратына сенімім мол, дейді.

Ағайындылар жуық арада тағы бір бауыры музыкалық мектепке келетінін айтады. Барлығы да өз өмір жолын өнерге арнауды алдарына мақсат тұтқан.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...