ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

МҰРАҒАТТАР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЗЫНАСЫ

20:56, 22 тамыз 2019

Тарихтың тапжылмайтын тұсы! Қостанайда шаһарымыздың 140 жылдығына орай, көне архив құжаттарының көрмесі өтті. Ширек ғасырлық шежіресі бар Тобыл топырағының тереңдегі тарихын кейінгі толқынның білгені абзал. Көрмеге қаланың тарихы мен құнды фотосуреттердің топтамалары қойылды.

Тарихты жасайтын тұлға, сақтайтын - мұрағат екені мәлім. Ал қала тарихы мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Шаһарымыздың 140 жылдығына арналған көрме аясында, мамандар  қалың жұртшылықты  тарихи-мәдени мұрамен, атап айтқанда Қостанай қаласының қалыптасуы мен даму тарихымен таныстырды. Тобыл топырағының тарихынан сыр шерткен көрмеде қала тұрғындары мен қонақтарының назарына 107 экспонат ұсынылды.

Бүгінгі таңда қалалық архив қоғамның материалдық және рухани өмірін бейнелейтін тарихи-мәдени мұрамыздың ажырамас бөлігі. Көрмеге ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени маңызы бар тарихи жинақталған және үнемі толықтырылып отыратын архивтік құжаттар қоры қойылды. Сондай-ақ, көрмеге шаһарымызда жаңадан бой көтерген ғимараттардың фотосуреттері де жайғасқан.

Тарих қойнауына тереңдеп енген әрбір ғасырдың, әрбір кезеңнің өзіндік маңызы мен ерекшеліктері, айқындалатын айтулы оқиғалары, жылнамалары бар. Архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әрбір ұлт тарихының қазынасы. Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары аталмыш көрмені бірнеше ай бойы тамашалай алады.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...