ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

МӘСКЕУДЕ ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАДЫ

20:21, 23 қаңтар 2020

Би өнерінің үкілі үміті. Қостанай ауданының «Алтын дән» мәдениет үйі жанынан құрылған «Надежда» халық би ансамблі жақында Мәскеуге аттанбақ. Өңір жұртшылығының қошеметіне бөленген балдырған өнерпаздар енді ресейлік көрермендерді тәнті етуге асық. Ұжымның үлкен сапарға әзірлігі қалай? Тілшіміз баяндайды.

Сұлулықтың бір сыры – әсем қимыл-қозғалыста. «Надежданың» бишілері кішкентай болғанымен, оны жақсы түсінеді. Сахнада өте ширақ әрі өздерін сенімді ұстайды. Көбісін ата-аналары 5-6 жасынан өнерге баулыған. Ал, Софияны тіпті ерте берген. Ол ұжымға небәрі үш жасында қосылыпты.

Даярлық қызу жүріп жатыр. Корей биін қыздар күніне 10-15 рет билейді. Ерекшелігі – өнерпаздар аспапта ойнап жүріп билеуі керек. Жуырда оны облыстық байқау аясында көрермен назарына ұсынбақ. Содан соң сәуір айында халықаралық сахнаға алып шығады.

Ансамбльге 5 жастан 15-16 жасқа дейінгі жеткіншектер қабылданады. Қазір мұнда 80-ге жуық бала келіп жүр. Ұжым жетекшісі оларға қимыл-қозғалысты ғана емес, тарихты би тілімен жеткізуді де оқытады.

«Надежда» халық би ансамблі Қостанай ауданындағы ең үздік өнер ұжымдарының бірі. Олар көптеген байқауларда жарқырай көрінді, марапатқа кенелді. Алайда, өздері айтқандай, олар үшін басты марапат – халықтың қошеметі. 

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...