ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

«Мәриям оқулары» қалалық байқауы өтті

13:00, 15 қараша 2017

Он бесінші қараша – көрнекті қаламгер, қазақтың халық жазушысы, жерлесіміз - Мәриям Хәкімжанованың туған күні. Осыған орай, мәдениет жанашырының атын иеленген Қостанайдағы №20-шы орта мектеп қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әдеби іс-шара кең көрініс тапты. Ақын апамыздың құрметіне арналған «Мәриям оқулары» байқауы іске асты. Қала мектептерінің оқушылары қатысқан жарыс биыл 2-ші рет өткізілуде.

Жансұлу Бейсен - Мәриям Хакімжанова атындағы №20-шы білім ордасының шәкірті. Ұйымдастырылған игі байқауда ол да өнерін ортаға салды. Әдебиет әлемінде із қалдырған,  қайталанбас қаламгердің құрметіне Жансұлу жүрегін жарып шыққан жыр жолдарын арнады. 

Қазақ поэзиясындағы жарық жұлдыздардың бірі - Мәриям Хәкімжанованың есімін білмейтін жан кем де-кем. Көзі тірісінде апамыздың 30 шақты кітабы жарық көріп үлгерді. Өзінің өлеңдерінде жерлесіміз Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғаған. Қаламгердің мол мұрасын ұрпаққа насихаттау – парыз, -  дейді байқау ұйымдастырушылары.

Айта кету керек, бұған дейін, «Жыр анасы» атанған  жерлесіміздің құрметіне сынып сағаттары, ғылыми конференциялар мен мәдени кештер, тақырыптық кездесулер және көрме ұйымдастырылған. «Мәриям оқулары» байқауы - солардың жалғасы. Қалалық жарыста екі аталым бойынша барлығы 19 шәкірт өзара бақ сынады. Шараға мұрындық болғандар алдағы уақытта сайыстың ауқымын кеңейтіп, жыр додасын облыстық және республикалық деңгейде өткізуді көздеп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
20:09, 16 қыркүйек 2020
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...