ШҰҒЫЛ! «МЕН ҚАЗАҚПЫН» ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

20:50, 14 мамыр 2018

Қостанай облысында «Мен қазақпын» мегажобасының аудандық іріктеу кезеңі басталды. Естеріңізге сала кетейік, ауқымды тележоба биыл екінші рет өткізіліп отыр. «Мен қазақпын» мегажобасы ұмытыла бастаған туындыларды жадымызда жаңғыртып, өңірлердегі есімі көпке таныла қоймаған өнерпаздарды табуға жол ашады. Өнер сайысы Қостанай облысындағы 16 ауданды толық қамтиды. Осы додада үздік шыққандар республикалық сынға жолдама алу үшін облыстық байқауда бақ сынайды.

Ұлттық мегажобаның алғашқы айналымында Алтынсарин, Наурызым, Әулиекөл аудандарының өнерпаздары бақ сынаған. Жобаның іріктеу кезеңі одан кейін Арқалық қаласында жалғасты.

Амангелділік өнерпаз Фариза Жоламанова - өңірде ұлттық өнерді насихаттап жүрген дәстүрлі әнші. «Мен қазақпын» мегажобасына биыл екінші рет қатысып отыр. Былтырғы байқаудан сүрінген ол биылғы өнер сайысына тас түйін дайындықпен келген. Сахнада халық әні «Гүлдариғаны» тамылжыта шырқап, көпшілік көңілінен шықты.

Арқалықтағы жасөспірімдер театрында өткен іріктеу кезеңіне Жанкелдин, Аманкелді аудандары мен Арқалық қаласынан -  барлығы 14 өнерпаз қатысты. Оларға  кәсіби әнші-термеші, күйшілер қазылық етті.

«Мен қазақпын» мегажобасы  ұмытыла бастаған халық туындыларын қайта жаңғыртуға жол ашады. Сонымен қатар өңірлердегі есімі көпшілікке таныла қоймаған таланттардың үлкен сахнаға қадам басуына мүмкіндік береді. Арқалық қаласындағы іріктеу сайысында дәстүрлі ән, терме, күй жанрлары бойынша барлығы 6 өнерпаз  жеңімпаз атанды. Енді олар облыстық байқауда бақ сынайды.

 

Нұрқанат Құлабаев

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ
20:33, 24 мамыр 2018
МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ
Толығырақ...
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
20:45, 23 мамыр 2018
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ АУДАНАРАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
20:42, 23 мамыр 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ АУДАНАРАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚАДАМ
20:35, 23 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚАДАМ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «КІТАПХАНА КҮНДЕРІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
20:43, 18 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «КІТАПХАНА КҮНДЕРІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...