ШҰҒЫЛ! ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ Толығырақ

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ АУДАНАРАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

20:42, 23 мамыр 2018

«Мен қазақпын» мегажобасының ауданаралық іріктеу сайыстары өз мәресіне жетті. Ауқымды өнер байқауы аясында облысымыздағы дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің соңғы легі Таран ауданында өнер көрсетті.

Қазақ руханиятына Бейімбет Майлин сынды алып тұлғаны берген Таран ауданының тұрғындары «Мен қазақпын» жобасына қатысушыларды шашу шашып, құрмет-қошеметпен қарсы алды. Айта кетейік, дәстүрлі өнерді дүрілдеткен аудандық мәдениет үйіне жуырда ғана ұлттық театр негізін қалаған біртуар сахна саңлағы Елубай Өмірзақовтың есімі беріліпті.

Тарандағы таланттар додасында Сарыкөл, Жітіқара, Таран аудандарынан және Қостанай, Лисаков қалаларынан  - барлығы 12 өнерпаз бақ сынасты. Қазылар алқасының ұйғарымымен жітіқаралық Алмат Елшібаев, қостанайлық қос өнерпаз Абзал Алпысов пен Нұрсұлтан Қасым байқау жеңімпаздары атанды.

Ұлттық өнерді насихаттайтын «Мен қазақпын» мегажобасы  әсіресе дәстүрлі ән-күй, терме жанрлары кенже қалған аудандар үшін аса маңызды. Өнер байқауын тамашалауға келген Таран тұрғындарының пікірі осындай.

Осылайша Қостанай облысындағы «Мен қазақпын» мегажобасының ауданаралық іріктеу қорытындысы Таран ауданында түйінделді. Бір жарым айға созылған байқауға облысымыздың барлық ауданынан 60-қа жуық өнерпаз қатысқан. Олардың ішінен үздік шыққан  25 өнерпаз алда болатын облыстық байқауға жолдама алды.

Нұрқанат Құлабаев

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА
20:57, 21 тамыз 2019
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒА...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
20:45, 20 тамыз 2019
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕЦЕНАТ ҚОС ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫС ЕТТІ
20:14, 16 тамыз 2019
МЕЦЕНАТ ҚОС ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫС ЕТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА
20:42, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...