ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ

20:10, 21 ақпан 2020

«Халықтың билікке деген құрметі болмаса – елдігімізге сын. Сондықтан, азаматтарға, әсіресе, жастарға мемлекетті сыйлаудың мән-маңызын түсіндіру қажет. Осы ретте Абайдың мұрасына зейін қойған абзал», – деп жазды мемлекет басшысы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында. Президент жүктеген міндетті ұстын еткен мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы Development Day форматында іс-шара ұйымдастырды. Мемлекеттік қызметке енді ғана кіріскен жастар Абай өлеңдерін оқып, әндерін орындады.

Development Day – ағылшын тілінен аударғанда, дамыту, жетілу күні деген мағынаны білдіреді. Абай шығармаларының өзегін, мән-маңызын түсінген адам рухани бай, халыққа жақын тұлға болып қалыптасары сөзсіз. Мемлекет қызметшілері үшін шешендік өнер де өте қажет. Сондықтан, ұйымдастырушылар академияда қайта даярлау курсынан өтіп жатқан жастарды Абай мұраларына жақындастыруды жөн деп есептейді. 

Қоғамдық келісім үйінде өткен іс-шарада академия тыңдаушылары алдымен мемлекет қызметтің жілігін шағып, майын ішкен майталмандардың дәрісін тыңдады. Аталған мекемеге экскурсия жасап, этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты. Одан соң, топ-топқа бөлініп, Абай өлеңдерін жатқа оқудан сайысқа түсті. Шығармалары мен аудармаларынан көріністер көрсетіп, ұлы ақыннның өміріне қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді.

Сайысқа үш топтан жүзге тарта тыңдаушы қатысты. Үздік өнер көрсеткендерге естелік сыйлықтар, мақтау қағаздары табыс етілді. «Олар Абай нақылдарын тек бүгінгі іс-шарада ғана емес, өмірде де қолданып жүрсе нұр үстіне нұр болар еді», - дейді ұйымдастырушылар.

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА
20:47, 1 сәуір 2020
ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУД...
Толығырақ...