ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖЕҢІСІ

20:14, 12 қазан 2020

Мәдениет саласы мамандары, өнер майталмандары мен үздік ұжымдар сынға түскен республикалық «Рухани қазына - 2020» фестивалі аяқталды. Дәстүрлі додада елдің әрбір өңірінің музейлері, кітапханалары, мәдениет үйлері мен клубтары және жекелеген қызметкерлердің онлайн режимде жеңімпаздары анықталды. Тұғырдан көрінгендердің тізімінде Тобыл өңірінің өкілдері де бар.

«Рухани жаңғыру» бағдарамасы аясында, Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен, мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық «Рухани қазына» фестивалі өткен жылы қолға алынған еді. Кең ауқымды байқау биыл да жалғассыз қалған жоқ. Осы сында оза шауып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылғандар тізімінде жергілікті мәдени нысандар бар. Солардың бірі – Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы.

Ұжымдар арасында сынға түскен Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы өзге облыстардан озық шығып, «Үздік кітапханалық онлайн жоба – 2020» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы Наурызым ауданы, Шилі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлжазира Бірмағамбетоваға бұйырды. Тағы бір жеңіс облыстық көркемөнерпаздары мен халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының медиа бөлімінің жетекшісі -  Қайрат Кулов «Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені қызметкері» аталымын жеңіп алды. Жалпы кітапхана мамандарының біліктілігін арттыруда үнемі семинарлар өткізіледі

Фестиваль ұсынған «Үздік қалалық мәдениет үйі, мәдениет сарайы қызметкері» атағына Арқалық қалалық мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Миргүл Мұсабекова лайық деп танылса, Қарабалық аудандық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, дарынды музыкант Рысжан Жүзбай «Мәдени-демалыс қызметіндегі «Жыл серпіні» марапатына ие боды. Қазылар назарына ерекше ілігіп, «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» аталымын иеленген Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының қор сақтаушысы Айжан Ерғазиева да жерлестерінің жүлде қорын еселей түсті.

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛДІ
20:52, 29 қазан 2020
АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛДІ
Толығырақ...
КІТАПХАНАДА ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМ АШЫЛАДЫ
20:41, 19 қазан 2020
КІТАПХАНАДА ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...