ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

20:27, 24 ақпан 2020

Мәдени іс-шаралардың сапасын арттыру, жұмысты жетілдіре түсу. Аудандар мен қалаларда халыққа арналған мәдени нысандар мен демалыс орындарының талапқа сай болуын қадағалау. Мәдениет басқармасы ұйымдастырған алқа мәжілісінде осындай мәні зор мәселелер қозғалды. Аталған жиналысқа аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет бөлімдері мен үйлерінің директорлары және көркемдік жетекшілері қатысты.

Былтыр облыстық мәдениет басқармасының жоспарлы шараларын жүзеге асыру мақсатында 7 млрд 75 млн теңге бөлінген. Бұл - алдыңғы жылмен салыстырғанда 300 млн теңгеге көп деген сөз. Осы орайда облыста 7 мәдениет нысанының құрылысына қаражат жұмсалған.

Басқарма басшысының сөзінше, биыл «Ауыл – ел бесігі»» бағдарламасы аясында  96 млн теңгеге Денисов ауданының мәдениет үйі жөнделетін болады. Лисаков қаласында мәдени-демалыс орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Сондай-ақ, Лев Толстой атиындағы кітапхананы жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр дегенді жеткізді. Сосын былтыр өткен мәден іс-шаралардың тізімін жариялады. 

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған шаралар аудан -қалаларда да аз емес. Мысал үшін, Жангелдин ауданында «Қасиетті Қазақстан» жобасы шеңберінде көптеген игі істер тындырылған.

Алқа мәжілісінде ауыз толтырып айтарлық, мемлекеттік деңгейде мақтанарлық дүниелер де назардан тыс қалған жоқ. Олар тобылдық театрлардың шетелде өнер көрсетуі Атап айтқанда, облыстық қазақ драма театры Монғолия мен Өзбекстанда тарихи туынды сахналаса, орыс драма театры израиль елінде қойылым ұсынған.     

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...