ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҚУАТЫ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНДЕ! Толығырақ

ЛИСАКОВ МУЗЕЙІ – «РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2019» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

20:39, 28 мамыр 2019

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында өнер және мәдениет саласы қызметкерлерінің «Рухани қазына» атты республикалық фестивалі өткен болатын. Аталмыш шара шеңберінде мемлекеттік музейлер мен кітапханалар арасында жарыс жарияланған еді. Сол сында «Қала және аудандық маңызы бар ең үздік музей» номинациясын Лисаков музейі жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті жеңіп алды. Шағын шаһардың ғана емес, тұтас облыстың мақтанышы саналатын тарих қоймасының бірегей жәдігерлерімен тілшіміз жақынырақ танысып қайтты.

Лисаков музейі жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мекемесінің тарихы тәуелсіздік алған жылдан басталады. Ол кезде музей жәдігерлері кен комбинатының өнімдері болатын.  Жыл өткен соң мұнда қола дәуірінің экспонаттары салтанат құрды. Олардың барлығы Тобыл  өзенінің жоғарғы бөлігінде жүргізілген археологиялық экспедициялардың нәтижесінде қолға  тиген.

Жыл сайын археологтар мен тарихшылардың тынымсыз еңбегінің арқасында музей жәдігерлерінің қатары толығып, қазіргі таңда 18 мың экспонатқа жетіп отыр. Олардың ішінде этнографиялық коллекциялар да бар. Мысалы, 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басында облысымызды мекндеген неміс ұлтының мәдениеті музей қорын толықтырып тұр.

«Рухани қазына» байқауының жеңімпаздары мұнымен тоқмейілсімек емес. Келешек үшін үлкен жұмыстар атқаруда. Соның ішінде, цифрландыру бағдарламасына белсенді түрде қатысуда. Оған дәлел – 3 Д форматындағы экскурсиялық тур. Соның арқасында шағын шаһар тұрғындары төл тарихын танығысы келсе, тысқа шықпай, үйде отырып-ақ ғаламтор арқылы музей жәдігерлері туралы мол мағұлмат алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Е.ӘБІЛ: ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЕЛБАСЫ ЕСІМІМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ
18:00, 21 маусым 2019
Е.ӘБІЛ: ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЕЛБАСЫ ЕСІМІМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫ...
Толығырақ...