ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЙЛАНҒАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚЫЗМЕТІНЕ РЕСМИ КІРІСУ РӘСІМІНДЕГІ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ Толығырақ

ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20:51, 6 мамыр 2019

Өткен демалыс күндері Амангелді ауданында «Айналдым сенен, атамекенім» атты аймақтық қызғалдақтар фестивалі өтті. Аталған ауқымды шараға облыстық басқарма басшылары, өзге өңір делегаттары мен өнер қайраткерлері қатысты. Меймандар алдымен Үштоғай ауылы маңында құрылған киіз үйлерге бас сұқты. Содан соң, қонақтар мерекелік бағдарламаға сай «Тойтөбе» төріндегі тамаша көріністерге куә болды. Тақырыпты тілші толықтырады.

Аймақ аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отырған қызғалдақтар фестиваліне келген қонақтардың қуанышында шек жоқ. Олар нағыз қазақы нақыштағы көріністердің куәсі болды. Ақшаңқан киіз үйлерде қонақ болып, қолөнер шеберлерінің туындыларымен жақын танысты. Бұл ретте 13 мекеме киіз үйлердің безендірілуі жөнінен жарысқа түсті.

Қызғалдақтар фестивалінің ерекше де, басты жаңалығы - ауданда тұңғыш рет 500 домбырашының қатысуымен күй ойналды. Дирижері – ауданның құрметті азаматы Сапар Ахметжанов. Айтуынша, әзірлік жұмыстары бірнеше күн бойы жүрген. Той тамашалауға тұрғындар әр ауылдан келіпті.

Бір мезгілде 500 домбырашының бірнеше күйді біркелкі орындауы көрермендерге естен кетпес ерекше әсер қалдырды. Бұл бастама - аудан әкімінің жобасы екенін ескерте кеткен жөн. Осындай рухани шаралар арқылы жас ұрпақ ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре алады.

Қызғалдақ қазақ халқының таным-түсінігінде – көктемнің, жаңа өмірдің, көрікті тіршіліктің жаршысы есептеледі. Шараның айтпағы да осы мазмұнға саяды. Фестиваль «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына байланысты мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, жастарды табиғатты аялап, қорғауға шақырады. Сондай-ақ, халықты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсене қатысуға баулиды.

Тақырып бойынша материалдар

САБАНТОЙ – ЕҢБЕК ПЕН ДОСТЫҚ МЕРЕКЕСІ
20:34, 17 маусым 2019
САБАНТОЙ – ЕҢБЕК ПЕН ДОСТЫҚ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...