ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БОЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ Толығырақ

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ...

20:53, 18 наурыз 2019

«Білектей арқасында өрген бұрым». Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанай ауданында «Бұрымды қыз-2019» байқауы өтті. Сайыстың басты мақсаты - қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріндегі әдептілікті, инабаттылықты, ізеттілікті насихаттау.

Қиғаш қас. Оймақ ауыз. Қарақат көз. Бұл - «Бұрымды қыз-2019» байқауына қатысқан қыз-келіншектерге тән басты белгілер. Өнерден өрнек салған ұшқыр ойлы 13 ару бұрымдылар сайысын тамашалауға келген бөріктілердің таңдайын қақтырды. Көздің жауын алар сәнді киім үлгілері олардың аталмыш байқауға асқан дайындықпен келгенін байқатты.

«Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген. Шашын ол бес күн тарап, он күн өрген». Халық ауыз әдебиетіндегі осы бір теңеуден-ақ қазақ қыздарының бейнесі көрінетіндей. Бүгінде ондай бұрымдыларды көру арманға айналып барады. Сондықтан, сайыс шартына сай шашы ұзын қыздарды іріктедік, -  дейді шара бастамашылары.

Тобықтан түсетін толқынданған қолаң шаш, қазақ қызының сұлулығын асқақтата түсер табиғаттың теңдессіз сыйы. Замана сәніне ілесе ме, әлде күтімін қиынсына ма, қазір білектей бұрым өрген бойжеткендер сиреп, келте шашты қыз-келіншектер көбейді. Бұл жолғы бұрымдылар байқауының мақсаты – қолаң шашты қыздарды халыққа таныстыру.

Тақырып бойынша материалдар

«А.БАЙТҰРСЫНОВ ІЗІМЕН» ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:12, 11 сәуір 2019
«А.БАЙТҰРСЫНОВ ІЗІМЕН» ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
16:12, 15 сәуір 2019
Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
Толығырақ...