ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ МОЦАРТ

20:56, 6 қараша 2019

Үлкен сахнаның кішкентай композиторы. Қостанайлық Моцарт атанған 10 жастағы Зере Танкеева тағы да жұртты таңқалдырды. Ол 3 бірдей музыкалық кітабының тұсауын кесіп, көптің ыстық ықыласына бөленді.

Қостанайлық Моцарт. Жас композиторды көпшілік қауым осылай атайды. Музыкалық мектептің табалдырығын алғаш аттағанда әріптерді де әлі білмеген жеткіншек бүгінде бастауыш сыныптарға арналған музыкалық кітаптардың авторы. Сонымен қатар 5  аспапта еркін ойнайды.

Кішкентай таланттың үлкен жеңістері әлі алда. Іс-шараны ұйымдастырушылардың бұған күмәні жоқ. Талабы таудай жас таланттың да биіктерді бағындыру – арманы.

Бұл жолы жас таланттың фортепиано, скрипка, баянмен орындалатын әндері жазылған 3  кітабының тұсауы кесіліп, облыстық кітапхана сөресіне қойылды. Айта кетейік Зере Танкеева бүгінде көптеген облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...