ШҰҒЫЛ! АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ! Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА «ДОСТЫҚ АЛЛЕЯСЫ» ПАЙДА БОЛДЫ

20:35, 6 мамыр 2019

Бірлігіміз жарасқан! Корей этно-мәдени орталығының бастамасымен Қостанайда «Тіршіліктің төрт құдіреті» атты фестиваль өтті. Шара аясында 60 қайың отырғызылып, «Достық аллеясы» пайда болды. Қазақстан халықтарының ынтымағы дәріптелген шара туралы келесі бейнематериалда.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған саябақта 60 қайың жайқалып өспек. Жас шыбықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының «Асар» айлығы шеңберінде корей этнобірлестік өкілдері отырғызды. Мақсат – тіршіліктің төрт құдіретін дәріптеу, табиғатты қорғау.

Талас жоқ, Тобыл топырағында түрлі ұлт өкілдерінің әдет-ғұрыптары әспеттеліп, мәдениеті мейлінше насихатталуда. Оған «Достық үйінде» өрбитін дәстүрлі іс-шаралар дәлел. Бұл біріншіден, бірлігімізді бекемдей түсу болса, екіншіден, елімізді мекендеген халықтар мәдениетімен етене танысу дейді думанды шараға қатысушылар.

Фестиваль барысында тау халықтарының биіне тәнті болмаған көрермен қалмады. Бұл күні ән мен биден шашу шашылды.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
20:43, 19 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
«МЫҢ БАЛА» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
21:04, 17 қыркүйек 2019
«МЫҢ БАЛА» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ
20:54, 18 қыркүйек 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН...
Толығырақ...
2019 ЖЫЛЫ 330 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
20:32, 16 қыркүйек 2019
2019 ЖЫЛЫ 330 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...