ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

КОМПОЗИТОР Қ. ДЕРІПСАЛДИННІҢ ӘНДЕРІН ОРЫНДАУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

20:50, 13 сәуір 2018

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қостанайда Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-сазгер Қалибек Деріпсалдиннің әндерін орындаушылардың республикалық «Көктем-қыздар» атты тұңғыш ән байқауы мәресіне жетті. Байқаудың мақсаты - қазақ ән өнерін жетілдіру. Облыс композиторларының шығармашылық мұрасын жастар арасында насихаттау, талантты орындаушылардың жаңа есімдерін ашу болып табылды.

Қалибек Деріпсалдиннің есімі республика жұртшылығына әуезді әндерімен қатар, сырлы да сазды ән жинақтарымен белгілі. Сазгердің бүгінде 100-ге жуық әндері ел ішін аралап жүр. Оның ішінде көпке белгілі шығармалары отандық танымал эстрада жұлдыздарының репертуарынан тұрақты орын алған. Еліміздің түкпір-түкпірінен ат арытып келген 20 үміткер үш күн бойы Қостанайды әсем әнге бөледі. Көрнекті композитордың туындыларын орындаудан сайысқа түсті.   

Композитор Деріпсалдиннің әндеріне арналған байқау «Көктем-қыздар» деп аталды. Ұзын саны 60 шақты ән орындалды. Республикалық өнер додасының бас жүлдесіне Тараздан келген өнерпаз Жанатбек Қадыров лайық деп танылды.

Сазды сөзбен үйлестіре білу бір өнер. Қалибек Деріпсалдиннің бойына аталған қос қасиет те қонақтаған. Соның арқасында ол елге сыйлы. Әш кешінде облыс әкімінің атынан өнер иесінің иығына шапан жабылды. Шырақбаек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының бастығы Мирлан Қызылов арнайы төсбелгі тақты. Қазір әнші ағамызды ел Қостанайдың емес, «Қазақтың Қалибегі» деп атайтын болды дейді сазгердің өнерін бағалаушылар.

Данияр Сұлтанұлы

Тақырып бойынша материалдар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ».  АУЫЛДА ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕТІН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ
20:33, 10 шілде 2018
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ». АУЫЛДА ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕТІН МҰРАЖАЙ АШЫЛ...
Толығырақ...
«QAZAQSTAN» ЖӘНЕ «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАЛАРЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ДАЙЫНДАҒАН ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
08:48, 4 шілде 2018
«QAZAQSTAN» ЖӘНЕ «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАЛАРЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
20:45, 17 шілде 2018
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
20:30, 16 шілде 2018
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...