ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

КІТАПТЫ QR-КОД АРҚЫЛЫ ОҚЫҢЫЗ

20:52, 17 қыркүйек 2020

Өзге де тақырыптар жөнінде. Аялдамада, саябақтар мен өзге де қоғамдық орындарда телефонға телмірген жас буынды жиі кездестіресіз бе? Облыстық кітапхана қызметкерлері бұл үрдісті пайдалы жағына өзгерткісі келеді. Олар кітап қорын цифрландыруға белсене кіріскен. Нәтижесінде КюАр код арқылы қалаған кітабыңызды смартфон арқылы оқи аласыз.

21 ғасырдың оқырманына арналған кітапхана. Цифрлық код осы салада да кәдеге жарады. Лев Толстой атындағы кітапхана әлеуметтік желідегі парақшаларына Кю Ар кодты енгізді. Қазақ әдебиетіндегі үздік шығармаларды смартфонның көмегімен оқу үшін ұялы телефонның камерасын кодқа бағыттаса жеткілікті. Цифрлық қорда отандық және шетелдік авторлардың туындылары жинақталған. Оқырман қалауына сай қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірін таңдай алады.

QR код -жапондық өнертабыс. Ол кез-келген ақпаратты цифрландыруға мүмкіндік береді. Ұялы телефоныңызда арнайы қосымша болса болғаны. Бұл оқырмандар үшін тиімді дейді қала тұрғындары. Себебі, үйден шықпай-ақ қалаған кітапқа қол жеткізуге болады.
 

Технологиялық жетістіктерді адам игілігіне тиімді пайдаланудың бір үлгісі де осы. Оның үстіне цифрландырудың арқасында құнды кітаптар көпке дейін сақталады. Осы бағыттағы жұмыстары болашақта да жалғасын таба бермек дейді кітапхана қызметкерлері.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛДІ
20:52, 29 қазан 2020
АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛДІ
Толығырақ...
КІТАПХАНАДА ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМ АШЫЛАДЫ
20:41, 19 қазан 2020
КІТАПХАНАДА ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...