ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ БИІК ШЫҢЫ – АБАЙ

20:20, 23 қаңтар 2020

Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай жарық көрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және 21-ші ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы тың ойларды көтеруде. Мемлекеттік деңгейде тойланып жатқан шара Қостанай өңірінде де бастау алды. Солардың бірі облыс орталығындағы 4-ші кітапханада өткен көрме.

Көрмеге данышпан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше кітаптар жинақталған. Одан бөлек, Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», «Хикмет кітабы», Абай туралы естеліктер, Абай әуендері, Сұлтан Оразалиновтың «Абай елі» кітабы, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы сынды түрлі басылымдар қойылды.

Ұлы Абай шығармаларынан қазақ баласының салауатты тәрбие алып, ұлттық өсіп-өнуіне қажетті көптеген өсиет сөздерді табуға болады. Оның шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын ғана емес, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде.

Айта кету керек, Абайдың 175-жылдығын атап өту ресми бастау алды. Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы мемлекетімізде ғана емес, шет елдеррде де белсенді түрде жүзеге асуда. Қарапайым тұрғыннан бастап, әлемге әйгілі тұлғалар Абай шығармашылығын жаһан жұртшылығына таныстыруда.   

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...