ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

«ҚАЗБАТ» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

20:52, 21 қараша 2019

Қостанайда «Казбат» көркем фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті. Фильм Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік қызмет барысында бастарынан өткерген шынайы оқиғаны баяндаған. Туындыны «АЮ СИНЕМА» кинокомпаниясы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолдауымен жарыққа шығарып отыр.

1995 жылы 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылынан от пен оқтың құрсауында қалады. Бір сағаттың ішінде Тәжікстан аумағына өтіп кетуді жоспарлаған содырлар бес сағатқа созылған қарулы қақтығыстан кейін кері шегінуге мәжбүр болады. Фильм барысында осынау сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлер жайлы баяндалады.

Жауға тосқауыл болған 6506 әскери бөлімінде Қостанайлық жауынгерлер де болған. Ішкі әскердің қазіргі мұрагері Қазақстан республикасының Ұлттық ұланы өзінің батырларын ешқашан ұмытпайды. Мұндағы негізгі мақсат олардың ерлігін экранға шығару арқылы қаза болған жауынгерлерге құрмет білдіріп, ел есінде қалдыру.

Көркем фильм 21 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастады. Фильмнің теледидарға арналған нұсқасы келесі жылы 7 сәуірден бастап, аталған қарулы қақтығыстың 25 жылдығына орай «Qazaqstan» телеарнасы арқылы көрерменге жол тартады.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар