ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ

21:06, 14 қазан 2019

І.Омаров атындағы қазақ драма театры 20 –шы маусымның ашылуын Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арнады. Театр ұжымы сахна пердесін «Қаламгер» қойылымымен ашты. Онда көрермендерге поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгердің өмір жолы және абақтыдағы кездері көрсетіліп, көрермен көзіне жас ұялатты.

Қойылым барысы қаламгердің бала кезінен бастау алады. Сегіз түрлі өнерді бойына дарытқан театр майталмандары жендеттердің жазушыны тергеу жұмысына алып кетердегі және тергеу барысында жұбайы Гүлжамал Майлинамен кездескен оқиғаларды да көрсете білді.

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірегейі Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегі еңбекші адамға тигізген әсерін,сыры мен мұңын театр ұжымы шебер суреттеді дейді Мерей есімді тұрақты көрермен.

Қарасы қалың көрермен мен үздіксіз қошеметке қарап шымылдығын ерекше шабытпен түрген театр ұжымының бұл қойылымы көптің көңілінен шыға білді деуге болады.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...