ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ: ЖЫЛУ НЕГЕ ЖЕТКІЛІКСІЗ? Толығырақ

ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ТАРИХИ ТУЫНДЫНЫ МОНҒОЛИЯДА САХНАЛАДЫ

20:13, 6 тамыз 2019

Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры "Ботақара-Шешенбике" тарихи драмасының тұсаукесерін Моңғолияның Баян-Өлгий қаласында өткізді. Тағылымы терең тарихи туындыны шетелдік көрермен ыстық ықыласпен қабылдады. Киелі қара шаңырақтың Монғолияға сапары жайлы келесі бейнематериалда.

Қазақ театры «Ботақара-Шешенбике» қойылымының тұсаукесерін Монғолияда өткізді. Театрдың көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан сахналаған - ақын, драматург Әскерхан Ақтайдың туындысы өте жоғары деңгейде қойылды. Ел мен жер, бірлік тақырыбын ту еткен драманы көршілес ел бір демде тамашалады.

Аталмыш қойылымда қазақ пен қалмақ арасындағы соғыс қана емес, бейбітшілікке ұмтылыс, достық, шынайы махаббат суреттеледі. Ботақара батыр мен жоңғар тәйжісі Шешенбикенің есімі ғасырлар көгін көктей өтіп бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Қазіргі таңда Қарағанды облысы, Балқаш өңірінде Ботақара мен Шешенбике тауы да бар.

Қойылымды Баян-Өлгийдегі бауырлар өте жақсы қабылдап, кәсіби сыншылар да жоғары бағасын берді. Әртістерге көрермендер орнынан тік тұрып қошемет көрсетті. Ел азаматтары билік басындағыларға зор алғыстарын білдіруде. Баян-Өлгийдегі гастрольдік сапар әлі де жалғаспақ.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...