ШҰҒЫЛ! ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙТЫН САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

21:00, 1 қазан 2019

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты». 1 қазан дүниежүзілік қарттар күніне орай Қостанай облысы полиция департаменті ардагерлерге арнайы дастархан жайып, мерекелік концерт әзірледі. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын аға буын өкілдеріне деген құрметтің орны ерекше. Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл шара биыл да жалғасын тапты.

Қостанай облысы полиция департаменті ішкі істер органдарының ардагерлеріне арнап іс-шара өткізді. Мерекелік кешке жиналған 210 ардагер ақ дастарханнан дәм тәтіп, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Шара барысында ардагерлер көптен бері көрмеген қызметтес достарын, үзеңгілес әріптестерін кездестіріп бір сағыныштарын басты. Сонымен қатар, әріптестерін мерекемен құттықтап, бір-біріне деген жылы лебіздерін білдірді.

Бейбіт адамдардың өмірі үшін жандарын пида еткен полицейлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қызмет бабында қаза тапқан тәртіп сақшыларына Қостанай, Федоров, Алтынсарин, Ұзынкөл аудандарында ескерткіштер орнатылса, жақын арада Бейімбет Майлин ауданында тағы бір ескерткіштің ашылу салтанаты өтеді.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕР УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
20:15, 20 қаңтар 2021
ЖЕР УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...
«30 ИГІ ІС»: ЕРІКТІЛЕР ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ АУЛАНЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУҒА КӨМЕКТЕСУДЕ
20:50, 22 қаңтар 2021
«30 ИГІ ІС»: ЕРІКТІЛЕР ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ АУЛАНЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУҒ...
Толығырақ...