ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДИРИЖЕРЛЕР ФОРУМЫ

20:34, 7 ақпан 2020

Қостанайда үшінші жыл қатарынан халықаралық дирижерлер форумы ұйымдастырылды. Шара аясында қостанайлықтар Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония жанынан құрылған үш оркестрдің өнерін тамашалады. Алғашқы күні камералық ұжым сахна шымылдығын ашса, кеше қазақ халық аспаптары оркестрінің бағдарламасы көрермен назарына ұсынылды. Толығырақ – тілшіміздің бейнематериалында.

Бұл әнді форумның алғашқы күнінде Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театрының (Мәскеу) солисі, бас-баритон Павел Черных әуелете шырқап, көпшілікті тәнті етті. Екінші күні филармония әншілерінің үш оркестрдің сүйемелдеуімен орындауы да әсерлі шықты. Биылғы халықаралық форумға Ресейдің ең танымал дирижері Борис Ворон, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Фарук Садықов, сондай-ақ, Қазақстанның бірқатар танымал өнерпаздары шақырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының халық аспаптар оркестрінің дирижері Нұрлан Бекенов – форумға алғаш қатысушылардың бірі. Оның пікірінше, мұндай іс-шаралар шығармашылық адамына ізденіс үшін өте қажет. Өнер қайраткері қостанайлық көрермендерге тарту ала келгенін айтады.

Биылғы форум Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен орыс халық аспаптар оркестрінің 35 жылдығына арналып отыр. Іс-шараның басты мақсаты – облыстық филармония жанынан құрылған үш оркестрдің кәсіби деңгейін көтеру, өнерпаздардың шеберлігін шыңдау дейді ұйымдастырушылар. Жан-жақтан жиналған жеті дирижер Қостанай сахнасында бір апта бойы жұмыс істеді.

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...