ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«ЕСКІ СӨЗ – ЕЛ МҰРАСЫ»

20:10, 5 ақпан 2020

Ұлт мұрасына қосылған қазына. Жас ақын Батырлан Сағынтаевтың жаңа еңбегін жергілікті зиялы қауым өкілдері осылай бағалап отыр. «Ескі сөз – ел мұрасы» деп аталған жинақтың тұсауы Арқалықта кесілді. Кітап елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орайластырылып шығарылған.

Жинақ төрт бөлімнен тұрады: жыр-дастандар, магиялық фольклор, ғұрыптық және дидактикалық фольклор. Еңбектің басым бөлігінде Тобыл-Торғай өңірінен жинақталған мұралар берілген. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы Қазан төңкерісіне дейін жарияланған шығармалар, кеңес дәуірінде саяси-идеологиялық бақылауға алынып, цензура сүзгісімен  жарық көрген туындылар қамтылған. Сондай-ақ, құрастырушы кітапқа әртүрлі себептермен жариялауға тыйым салынған шығармалар мен қолжазба күйінде жеткен материалдарды, мерзімді басылымдарда басылған ауыз әдебиеті үлгілерін енгізген. 

«Бұл жұмыс жалғасуы керек. Өйткені, ел аузында жүрген дүниелер әлі жетерлік. Соның бәрін хатқа түсірсе, ұлт мұрасына қосылған қазына еселене түсер еді» дейді авторға ақжарма тілек айта келген қауым. Кітаптың тұсаукесер рәсімін өткізу құрметі мәдениет қайраткері Жұмағали Өмірбеков пен Батырланның ұстазы, Айтыс ақтаңгері Айбек Қалиевке берілді.

Жинақты құрастыруға жазушы, тарихшы Қойшығара Салғараұлы мен өлкетанушы Мұхтар Қоденұлы үлес қосты. Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің ұжымы да қолдау көрсеткен. Автор кітапты таныстыру кезінде фольклорлық мұраларды жинастыруға атсалысқан ақылдастар алқасына алғыс білдіріп, ұлт мұрасын молайту жолында еңбек ете беретінін айтты.

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...