ШҰҒЫЛ! 7- ШІ БАҒЫТТАҒЫ МАРШРУТ ШАҒЫН АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ Толығырақ

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

18:20, 10 қыркүйек 2019

Тілдер күні қарсаңында облысымызда көптеген іс-шаралар өтуде. Солардың бірі 66/97 әскери бөлімінде ұйымдастырылды. Мақсат – мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, өзге тілді құрметтеуге шақыру.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Әскерилер мерейлі мерекені сайыс түрінде ұйымдастырды. Өнерлі сарбаздардан құралған төрт  команда сахнада түрлі ұлттардың мәдениеті мен ұлттық тағамдарын кеңінен таныстырды. Сонымен қатар елімізге арнап жарыса өлең оқыды. Шырқалған әндердің дені патриоттық тұрғыда.

Қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейту барша қазақстандықтардың міндеті. Бұл  мақсат ойдағыдай іске асып жатыр да. Оған мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері дәлел. Ондай үлгілі жандар осы әскери ұжымда да аз емес. Бұл - ынтымағы жарасқан қазақ елінің сындарлы тіл саясатының жемісі болса керек.

Аталмыш тіл фестивалінде қазақ  ұлтының командасы жеңімпаз атанды. Көздің жауын алар ұлттық киімдері мен билері өзге қатысушылардан басым түсті. Сондай-ақ  «Мирас» мәдениети үйінің әншілері  сайысты қыздыра түсті. Осылайша, 66/97 әскери бөлімі тілдер мерекесін өз деңгейінде ерекше атап өтті.

Қымбат Шұғайып

Тақырып бойынша материалдар

МӘСКЕУДЕ ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАДЫ
20:21, 23 қаңтар 2020
МӘСКЕУДЕ ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛДЫ
20:20, 20 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛД...
Толығырақ...