ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ

20:54, 12 қараша 2019

І.Омаров атындағы драма театры кішкентай көрермендеріне кезекті қойылымын тарту етті. Қыс басталар шақта балалардың жолда жүру ережесін ерекше қадағалау мұғалім мен ата-ананың басты парызы. Осы орайда театр ұжымы аталмыш тақырыпқа орай, «Тапқыр достар» ертегісін көрермен назарына ұсынды.

Күшік, мысық, тышқан. Бұл үшеуінің дос болуы мүмкін емес. Дегенмен «тапқыр достар» ертегісінде бәрі мүмкін. Бұл үшеуі адал дос. Бір шұжықты бөліп жеп, бірге ойнайды. Ойнап жүріп, жолға шыққан кезде көліктер оларға кедергі жасайды.

Көктайғақ, боран, аязды күндері бұл өзекті тақырып. Әсіресе, балалар үшін. Сондықтан, театр ұжымы бастауыш сынып оқушыларына жол жүру ережесін ертегі күйінде түсіндіруде.

Театр ұжымы балалардың  жол ережесін оқығаннан гөрі, қойылымдар арқылы тез ұғатынын ескеріп, білім ошақтарында осындай көрсетілімдерді ұйымдастыруда. Театр қоржынындағы бұдан өзге де ертегілер балғындардың көңілінен шыққан.

Ақыл Асқарова

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар