ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ! ҮЗДІК ДИҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

20:46, 15 қараша 2019

Қараша айының соңы – аграрлық саладағы сан шаруа толық аяқталып, ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің аз-кем тыныстар шағы. Ауа райы қолайсыз болса да, жеткілікті астығын қамбаға құйып алған диқан қауымының көңіл-күйі жаман емес. Оның үстіне өздерінің төл мейрамдарын атап өтуде. Қостанай ауданында салтанатты жиын өтіп, жылдық жұмыс нәтижелері бойынша озықтар марапатталды.

Ел қамбасына құйылатын ырыс дәнінің 25 пайызы Тобыл өлкесіне тиесілі. Биыл өңір диқандары жылдағыдай болмаса да, жеткілікті астық жинады. Қостанай ауданы бойынша көрсеткіштер көңілге қонымды деуге болады. Бұл заманауи ылғал сақтау технологияларын кеңінен игерудің жемісі.

Бір айта кетерлігі, биыл ауданда егістікті әртараптандыруға жіті көңіл бөлінді. Үкіметтің егін егу науқанына бөлген қаражаты тиісті мақсатқа жұмсалды. Мал азығы, майлы дақылдар мен көкөніс алқаптары алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір артқаны байқалады.

Ауданда ауылшаруашылығы саласының өнімділігі жыл санап артуда. Оған аға буын өкілдерінің қосқан үлестері аз емес. Салтанатты шара барысында аграрлық сала ардагерлері де ескерусіз қалмай марапатқа бөленді. Ұзақ жылғы еңбегімен ерекшеленген бірқатар азаматтар құрмет грамоталарына ие болды.

Биылғы жыл егін еккен шаруалар үшін оңай болмағанымен шаруашылық құрылымдарының күш салуымен орақ науқаны уақытында аяқталды. Әсіресе, ауыл еңбеккерлеріне мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілген қолдау үлкен болды. Қостанай ауданының дихандары осылайша, келесі жылы да табыс биігінен көрінетіндеріне сенімді. Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Жансая Асылбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫС ЕТТІ
20:30, 12 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫС ЕТТІ
Толығырақ...
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...