ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

"ӘЛЕМ ТАЛАНТ STARS": ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

18:06, 13 наурыз 2019

"Әлем талант stars". Осындай атаумен бастау алған балалар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық фестивальге іріктеу кезеңі аяқталды. Жеңімпаздар енді наурыздың 16 мен 17 –де өтетін халықаралық фестивальдде өз өнерлерін көрсетеді. Мақсат - мәдени ықпалдастықты арттыру, халықаралық өнер ұжымдарымен тәжірибе алмасу. Шара аясында шетелден келген қазылар алқасының мүшелері шеберлік сыныптарын өткізеді.

Самира Нағашыбай  халықаралық фестивальдың ең кішкентай қатысушысы. Бүлдіршін «Аист на крыше» әнін айтпақ. Айзеренің ата-анасы оның бұл байқауға тыңғылықты дайындықпен келгенін айтады.

16 наурызда өтетін гуманитарлық бағыттағы халықаралық сайыс вокал, хореография, музыкалық аспаптар, көркемсөз оқу және театр өнері номинациялары бойынша өтті. Қатысушылардың өнерін мәдениет қайраткерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сазгерлер, әншілер мен өнертанушылар бағалайды. Бұл – үлкен шығармашылық және әлеуметтік мәні бар жоба, -дейді ұйымдастырушылар.

Осылайша тобылдық кейінгі толқын сахнада бар өнерлерін паш етті. Олар енді  фестивальдың финалдық концертіне қатысады. Көзге түскен жас таланттар  шетелдік кәсіби мамандардан сабақ алып, үздік оркестрде өнер көрсетеді, әрі  тәжірибе жинайды.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
20:56, 18 наурыз 2019
АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар