ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

ЕЛ ҚУАТЫ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНДЕ!

20:19, 25 маусым 2019

Ел қуаты – халық бірлігінде! Қазақ елін мекен еткен ұлт пен ұлыстардың қай-қайсысы да ынтымақ пен бірлігімізді қатты қастерлейді. Бұл туралы Қостанайда қырғыздардың мәдениет күніне арналған іс-шара барысында айтылды. Бұл күні Қырғыстан мемлекетінен келген өнерпаздар қала жұртшылығы мен қонақтары үшін өз өнерлерін паш етіп, достығымызды дәріптеді.

Қазақстанды әркез аға тұтатын қырғыз бауырларымызға ілтипат ерекше. Екі ел арасында соңғы кезде барлық сала бойынша ықпалдастық арта түскен.  Түрлі ұлыстың басын қосып, алуан халықтың ауызбіршілігін арттыруда елімізде атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Соның бір парасы – осы, қырғыз мәдениет күндері.   

Әйгілі «Манас» жыры бұл. Қырғыз халқының дәстүрлі эпосын әлемге танымал, үздік ондыққа кіретін манасшы Доолотбек Сыдықов орындады. Сонымен бірге Қостанай жұртшылығы үшін сахна төрінде Бішкек қаласының жас талантты әншісі Аяна Қасымова да өнер көрсетті.

Өнерді жаны сүйетін жұртшылық үшін бұл мерекелік кеш ерекше өтті. Бұндай мәдени іс – шаралар болашақта қазақ пен қырғыз мәдениетінің байланысын одан сайын артыра түспек, - дейді шара ұйымдастырушылары.

Назерке Дүкенбай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...